+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Елордалықтар салық органдарына 2,1 млрд теңге қарыз

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:03
Бөлісіңіз:
Елордалықтар салық органдарына 2,1 млрд теңге қарыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан тұрғындары салық органдарына 2,1 млрд теңге қарыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта елордалық 69 287 тұрғынның меншік салығы бойынша 2,1 млрд теңге берешегі бар. Оның ішінде көлік салығы бойынша қарыз 1,5 млрд теңгені, мүлік бойынша 543 млн теңге және жер салығы бойынша 86 млн теңгені құрайды.

Осы ретте, Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті 9-13 желтоқсан аралығында «Жаңа жылға қарызсыз» жедел-алдын алу шарасын өткізеді.

Оның барысында салық төлеуден жалтарып жүрген азаматтар «Сергек» жүйесі арқылы анықталып, оларға берешегін өтеу туралы ескерту қағазы тапсырылатын болады.

Елордалық жүргізушілерге салықты сол жерде онлайн төлеуге мүмкіндік беріледі, кері жағдайда олардың көліктері берешек толық төленгенге дейін айып тұрағына жеткізіледі.

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстанда салықтық рақымшылық жүзеге асырылуда. Оған сәйкес, негізгі қарыз (2018 жылға есептелген мүлік және жер салықтарын қоспағанда) өтелген жағдайда, өсімпұлдар алынып тасталады. Бүгінгі күнге дейін салықтық рақымшылықты 40 мың адам пайдаланды. Олар 1,6 млрд теңге сомасындағы негізгі салық берешегін төледі, шегерілген өсімпұл сомасы - 150 млн теңге.

Салық төлемейтін азаматтарды анықтау мақсатында елорда көшелеріне 11 патрульдік көлік жұмылдырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Салық, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT