+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Елордалықтар өз есімдері жазылған көше орындықтарын орнатып жатыр

2019 жылғы 18 сәуір 16:35
Бөлісіңіз:
Елордалықтар өз есімдері жазылған көше орындықтарын орнатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жеке қаражаттары есебінен өз есімдері жазылған көше орындықтарын орнатып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, орындықтарды сыйлық ретінде де орнатуға болады.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда иесі жазылған орындықтарды орнату жобасы әлі де жалғасады.

«Қаланың кез келген тұрғыны немесе ұйымы атаулы тақтайшасы бар демалуға арналған орындықты орнату мүмкіндігіне ие. Сарыарқа ауданының әкімдігі сіздерге жағажай, саябақтар және аудан көшелерінен орын ұсына алады», - делінген хабарламада.

Жоба кураторы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жасұлан Бағисов атап өткендей, бүгінде аудан аумағында сегіз мыңға жуық атаулы орындық бар. Оларды ұйымдар мен жеке тұлғалар орнатқан. Мұндай отырғыштарды біреулер - қалаға, тағы біреулер досының туған күніне сыйлауда. Осындай әдіспен ғашықтық сезімін білдіріп жатқандар да бар екен.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT