Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Елордалықтар мамыр мерекелерін қалай тойлайды

2019 жылғы 26 сәуір 16:23 579
Бөлісіңіз:
Елордалықтар мамыр мерекелерін қалай тойлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында мамыр мерекелері қалай тойланатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда түрлі шаралар ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары «Ынтымағы елімнің, Елбасының еңбегі!» музыкалық-хореографиялық қойылымын тамашалайды. Ашық алаңда «Терра», «Наз», «Туған жер» хореографиялық ұжымдары, «Алашұлы» тобы, «Z» триосы, сондай-ақ қазақстандық опера мен эстрада жұлдыздары Сүндет Байғожин, Медет Чотабаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева және ағайынды Жүгінісовтер өз өнерін ортаға салады. Мерекелік театрландырылған қойылым Нұр-Сұлтан қаласының этно-мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концертімен жалғасады. Сонымен қатар, жиналғандар алаңда ұйымдастырылатын белбеу күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және қол күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен күш сынасады.

Бұдан басқа, әрбір этно-мәдени бірлестік өзінің ұлттық тағамдарын әзірлеп, оларды жайылған ақ дастарқанға қойып, көпшілік назарына ұсынады. Осы мақсатта алаңда галерея түрінде шатыр конструкциясы орнатылады. Мерекелік дастарқанның ұзындығы 50 метрді құрайды. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара «Қазақ елі» алаңында сағат 10:00-16:00 аралығында өтеді.

Осы күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін әкімдік алдындағы қалалық алаңда (Бейбітшілік к-сі мен Абай даңғылының бұрышы) танымал эстрада әншілерінің концерті өтеді. Сахна төрінде Қанат Үмбетов, Ғазизхан, Ернар Айдар және тағы басқалар өнер көрсетеді. Мерекелік концерт жүргізушілері - белгілі шоумендер Азамат пен Антон және Дәурен Әмреев. Сондай-ақ, мереке қонақтары асық ату, арқан тартыс, гір көтеру және қол күресінен жарыстарда бәсекеге түседі.
Елордалықтар мамыр мерекелерін қалай тойлайды 

Сонымен қатар, 1 мамырда сағат 17:00-де EXPO Конгресс орталығында композитор Арман Дүйсеновтің «Арман достығы» атты шығармашылық кеші өтеді. Концертке Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева сынды танымал орындаушылар, «МузАРТ» тобы, Толқын Забирова, Жамиля Серкебаева, «Нұр-Мұқасан», Тоқтар мен Бейбіт, Индира Елемес, Маржан Арапбаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Әйгерім Қалаубаева және шақырылған шетелдік артистер қатысады. Билеттер topticket.kz сайтында онлайн және қалалық кассаларда («Keruen city» СОСО, «Керуен» СОСО, «Астана» концерт залы, «Жастар» сарайы) сатылады. Билеттер құны - 2000-8000 тг.

Бұдан басқа, елордалық театрларда, музейлерде және басқа да мәдени мекемелерде Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған тақырыптық көрмелер, спектакльдер, концерттер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында 20-дан аса шара өткізу жоспарланып отыр. Шаралар кестесін Мәдениет және спорт басқармасының сайтынан білуге болады. 

Ал, 1 мамыр мерекесінен кейін елордалықтар 7 мамыр - Отан қорғаушы күні мен 9 мамыр -  Жеңіс күні мерекелерін тойлайды.

7 мамырда мерекеге орай әкімдік алдындағы Қалалық алаңда ашық аспан астында дискотека форматында бес сағаттық концерт ұйымдастырылады. Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Құшқалиев, Ayree, «Заман», «3038»  тобы, Раим мен Артур елордалықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды. Концерт сағат 17:00-де басталады және 22:00-де аяқталады.

Жеңіс күнін мерекелеу аясында 8 мамырда сағат 10.00-де Орталық қалалық зиратта Ұлы Отан соғысында алған жарақаттан көз жұмған жауынгерлердің зиратына Даңқ гүл тізбегі және гүл себеттері қойылады.
Елордалықтар мамыр мерекелерін қалай тойлайды  

Сонымен қатар, осы күні «Астана» концерт залында «Отан деп соққан жүрегі...» концерті өтеді, онда соғыс жылдарындағы әндер орындалады.

9 мамырда сағат 11:00-де «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүл тізбегін» қою салтанаты өтеді. Ал, «Студенттік» саябақта 11 әскери палатка тігіліп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін мерекелік дастарқан жайылады. Сондай-ақ, мерекелік концерт барысында соғыс жылдарындағы әндер орындалады. Мұнымен қоса, «Жаужүрек полк» шеруі өтеді. Шараға қатысушылар сағат 12:30-да «Қазақ елі» монументінің жанында жиналады, шеру Тәуелсіздік даңғылынан «Отан қорғаушылар» монументіне дейін жүріп өтеді.

Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу 9 мамырда сағат 23.00-де Есіл өзенінің жағалауында болады.
Елордалықтар мамыр мерекелерін қалай тойлайды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT