+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елордалықтар көгілдір отын қызығын қашан көреді

2019 жылғы 20 қараша 12:47
Бөлісіңіз:
Елордалықтар көгілдір отын қызығын қашан көреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың күзінен бастап елорда тұрғындарына газ беріле бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Сарыарқа» газ құбырын төсеу жұмыстары 100 пайыз аяқталды Парламент депутаттары елорданы газдандыру жұмыстарымен танысты «Сарыарқа» газы: Астана әкімдігі жанынан жаңа компания құрылады

«Сарыарқа» магистральды газ құбырына қосылу үшін Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды мен Ақмола облыстарының әкімдіктері газ тарату желілерін салуы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласында газ тарату желісін салу 2025 жылға дейінгі құрылыс мерзімімен үш кезеңге бөлінген. Қала әкімдігі 9 іске қосу кешені бар 1-кезеңнің жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бірінші кезеңді жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінген. Аталған қаражаттың 550 млн теңгесі 1-інші және 2-іске қосу кешеніне, 1,7 млрд теңге 3-інші және 6-іске қосу кешендерін салуға жұмсалады.

«Барлық 9 іске қосу кешені бойынша мердігер ұйымдар анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 1-інші, 2-іске қосу кешендері Жылу электр стансасына желі тартуды көздейді. Қазіргі уақытта 4 шақырым немесе 15,4 пайыз құбыр төселді. ЖЭС-1, 3-ке арналған газды реттеу бекетінің іргетасын дайындау жұмыстары аяқталды. Жылдың соңына дейін газды реттеу бекетіне қажетті барлық құрал-жабдықтар мен 100 пайыз құбыр өнімдерін жеткізу күтіледі. 3-тен бастап 6-шы іске қосу кешендері Көктал-1, 2 тұрғын үй алаптарына газ тарату желілерін қамтиды. Бұл кешендер аясында 14 шақырым немесе 78 пайыз құбыр жеткізілді. Көктал шағын ауданында 4 газ реттеу бекетінің іргетасын дайындау жұмыстары аяқталды. Жылдың соңына дейін 4 газ реттеу бекетін және 100 пайыз құбыр өнімдерін жеткізу күтіледі», - деді вице-министр.

Мұрат Жүребеков 7-ден бастап 9-шы іске қосу кешендері Оңтүстік-Шығыс, Железнодорожный тұрғын үй алаптарына газ жеткізуді көздейтіндігін айтты. Бұл бағытта осы жылдың соңына дейін 9 шақырым құбыр өнімдері жеткізілмек.

«Бірінші кезең мен 9-іске қосу кешені құрылысының толықтай аяқталуы келесі жылдың жылу беру маусымына, яғни 2020 жылдың күзіне жоспарланған», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT