Елордалықтар кітапханаға жиі бара ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 18 кітапхана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Санат Шапашов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасына қарасты Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі 18 кітапхана қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Олардың штаттық кестесі 126 бірлікті құрайды. 2021 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, елорда кітапханаларының кітап қоры 736 118 дана кітапты құрайды. Оқырман саны – 70 857 адам. Берілген кітап саны – 1 072 726. Аталған кезеңде кітапханаларға 423 970 адам келді», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында.

Оның дерегінше, аталған кітапханалардың 2021 жылға арналған бюджеті 258 млн теңгені құрайды.

«Бүгінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, «Замандас-21» қоғамдық бірлестігімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты жолға қоюдың арқасында екі кітапханада қаламыздың жастарына арналған коворкинг орталықтар ашылды», - деді Санат Шапашов.


Соңғы жаңалықтар