+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елордалықтар қазақ, ағылшын тілдерін тегін үйреніп жатыр

2020 жылғы 7 сәуір 22:01
Бөлісіңіз:
Елордалықтар қазақ, ағылшын тілдерін тегін үйреніп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқу жүйесі қатысушыларға жұмыс бөлмесінде немесе үйде отырып ыңғайлы уақытта тіл үйренуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында мемлекеттік тілде оқытатын мектеп салынады Қазақ тілін жетік білетін өзге ұлттың жастарын барынша қолдау керек - Сәуле Мәлікова Марина Венинг: Мемлекеттік тілді меңгеруді әркім өзінен бастауы тиіс

Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» орталығы мемлекеттік қызметшілерге, түрлі сала мамандарына, ересек адамдарға тіл үйрену курстарын қашықтан оқу платформасы арқылы жүзеге асырады. Бүгінде 1326 тыңдаушыға ZOOM, Whatsapp және т.б. қосымшалар арқылы қазақ тілінен онлайн курс оқытылуда.

Сонымен қатар, 110 мемлекеттік қызметкер ағылшын тілінен онлайн курсқа қатысып жатыр. Ересек адамдарға білім берудің түрлі әдістерін қолдана отырып, тәжірибелі, білікті оқытушылар сабақ береді. Топта оқу мен сабақ кестесі өзіне тиімсіз деп санайтын ересектер үшін онлайн оқудың пайдасы орасан зор.

Онлайн оқу үшін тіл үйренушілерге интернетке қосылған дербес компьютер мен Skype бағдарламасы қажет. Оқу үдерісінде білім алушылардың деңгейі әртүрлі болуына байланысты, тіл үйренушілердің талабына, сұранысына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады.

Мәселен, елорданың № 8, 10 емхана қызметкерлері қазақ тілін үйрену курсына жұмыстан бос уақытта қатысса, Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарына «Қолжетімді орта құру» жобасы аясында ағылшын тілінен онлайн курсқа қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT