Елордалықтар Геннадий Головкинді қолдап өлең оқыды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварестен жеңілген қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдаған елордалықтар өлең оқып, видеоролик түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеороликті авторлары әлеуметтік желіге жүктеген. Өлеңді Саид Сапин жазған.

«Маған барлық уақытта да Геннадий ұнайды. Оның жекпе-жегін алғаш рет Олимпиада ойындарында көріп, жұдырықтасу мәнеріне таң қалғаным есімде. Меніңше, Геннадий жастар үшін тамаша үлгі боларлық жан. Геннадийдің Канело Альвареске қарсы соңғы жекпе-жегін көргеннен кейін оған қолдау көрсеткім келді. Бірақ, оны қалай жүзеге асырарымды білмедім. Содан кейін менің ақын екенімді білетін жақын досым өлең жазуға ұсыныс жасады», - деді Саид Сапин.

Сонымен қатар ол Геннадий Головкин әйтеуір бір осы жолдауларын көретіндігіне үміт артатындығын айтты.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-сында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар