Елордалықтар газдың 1 мың текше метріне 38 697 теңге төлейді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары газдың бір мың текше метріне 38 697 теңге төлейді. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филалының директоры Шота Шалов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда қала тұрғындары газдың бір мың текше метріне 38 697 теңге төлейді», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, бүгінде қала аумағына 650 шақырым газ құбыры тартылып, пайдалануға берілді. Тұтынушыларға 5 431 техникалық шарт беріліп, 4 599 отбасы көгілдір отынды қолданып отыр. Шілде айында 507 абонент газға қосылды.

«Биыл Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру ерекше қарқын алды. Оған «ҚазақГаз» ұлттық компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, газдандыру процесін жеңілдетуге бағытталған бірнеше бастамасы себеп болды. Тұрмыстық тұтыншыларға ыңғайлы болуы үшін техникалық шарттарды алуға қажетті құжаттар тізімі екі есе қысқартылды. Техникалық шарттарды жедел алудың бірнеше бағыты айқындалды. Нәтижесінде техникалық шарт беру 5 күннен 15-20 минутқа дейін қысқарды. Техникалық шартты алуға және беруге өтінімді қабылдаудың онлайн қызметі іске қосылды», - деді Шота Шалов.

Еске салсақ, қала әкімі әр аудандағы көгіллір отынмен қамту жұмыстарының көлемі туралы айтқан болатын.


Фото: verelq.am




Соңғы жаңалықтар