Елордалықтар газ қызметін шақырғаны үшін ақы төлемейтін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары «104» апаттық қызметін шақырғанда 5 мың теңге төлеп келген еді. Ендігіде бұл қызмет тегін болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан әкімдігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қалалық Қоршаған орта сапасы және бақылау басқармасы, «АстанаГазКызмет» ЖШС және «Бәйтерек» ПИК қауымдастығы арасында газ тарату жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар сұйытылған газды орталықтандырылған түрде жеткізумен байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердегі газды таратушы жүйелердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Келісім аясында «АстанаГазКызмет» ЖШС үйдегі газ желілерін компания балансына беру сәтінен бастап «104» шұғыл желісі арқылы тұрғындардың өтініштеріне тәулік бойы ақысыз қызмет көрсетуді міндетіне алды. Осы уақытқа дейін тұрғындар осы қызмет үшін 5 мың теңге төлеп келген болатын. Бұдан бөлек, «АстанаГазКызметі» қаланың барлық көппәтерлі тұрғын үйлеріне кіретін газ тарату жүйелеріне қызмет етеді. Қажет болған жағдайда кіреберіс газ құбырларының крандарын ауыстыруды жүзеге асырады.
null

Соңғы жаңалықтар