Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+29+31℃
  Jańalyqtar  >

Елордалықтан ірі көлемдегі мефедрон есірткі заты тәркіленді

2023 жылғы 26 наурыз, 07:47

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

«22 жастағы елорда тұрғынын тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.


Автор:

Жарылқасын Саягүл

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар