Елордалық жүргізуші көлігіне нөмірді жасыратын құрылғы орнатып алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың патрульдік полиция қызметкерлері Қошқарбаев-Төлебаев көшелерінің қиылысында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Lexus IS300 көлігін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ішкі істер органы қызметкерлері көлікті қарау барысында мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға мүмкіндік беретін арнаулы жиектеменің бар екендігін анықтады. 24 жастағы жүргізуші орнатып алған жиектеме мемлекеттік нөмірдің цифр және әріп белгілерін көлегейлеуге мүмкіндік береді.

«Жүргізушіге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін анықтауға кедергі келтіретін арнаулы құрылғыны қолдану арқылы көлік құралын басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 1 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Арнаулы жиектеме тәркіленіп, құқық бұзушының көлігі коммуналдық автотұраққа қойылды», - деп атап өтеді ведомстводан.


Фото: kazpravda.kz
Соңғы жаңалықтар