Елордалық жол полицейлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордалық жол полицейлері өздерінің кәсіби мерекесінің 17 жылдығын атап өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шара барысында  қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Демеуов жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, қазіргі уақытта елордадағы жол-көлік оқиғаларының біршама төмендегенін атап өтті. Ал Жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқымбеков қызмет барысында қаза болған екі азаматтың отбасына басқарма әрқашан қол ұшын беріп отыратындығын айтты. Осы кеште басқарманың ардагерлері де бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтаудағы, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы қызметіндегі жоғары  көрсеткіштері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін жол полициясы басқармасының бірнеше қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің грамотасымен, Жол полициясы комитетінің, қалалық ішкі істер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, бүгін - Қазақстан  Жол полициясының  күні. Осыдан 17 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік автоинспекция туралы алғашқы ережесі ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген болатын. Сондықтан осы күн Қазақстан Республикасының МАИ күні болып есептеледі. Ал  1996 жылы қаңтардың 3-інде Мемлекеттік автоинспекцияның атауы Жол полициясы болып ауыстырылып, олардың қызметтеріндегі басымдықтар да өзгертілді. Жол полицейлерінің бірінші кезектегі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар азаматтарды жолдардағы кез келген қылмыстық қауіп-қатерлерден сақтау болып табылады. Қазіргі жол инспекторлары тек жол қозғалысы ережесін ғана емес, заңнамаларды, психология негіздерін, заманауи техникаларды  егжей-тегжейлі білуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар