+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Елордалық волонтерлер Талдыкөл маңынан 1 тонна қоқыс жинады

2020 жылғы 15 қыркүйек 20:14
Бөлісіңіз:
Елордалық волонтерлер Талдыкөл маңынан 1 тонна қоқыс жинады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық волонтерлер «Замандас» отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерімен бірге елордадағы Талдыкөл мен Жағалау ауданында қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласын көгалдандыруға 4,69 млрд теңге жұмсалады Жаһандық жылыну: Орталық Азияға қандай қауіп төнеді Мәжіліс депутаттары Экологиялық кодекс жобасын талқылады

Белсенділер жалпы ұзындығы 1 шақырым аумақты қоқыстан тазартып, 1 тонна қоқыс жинаған. Эко-квест аясында волонтерлер ата-аналар мен балаларға қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сыныбын өткізді және сыйлықтар табыстады.

«Балалар мен олардың ата-аналарының назарын қоршаған ортаның экологиялық проблемаларына аудару, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігін көрсету, қоқысты одан әрі өңдеу үшін дұрыс сұрыптауға үйрету және командада жұмыс істеудің үлгісін көрсету – біздің міндетіміз», - деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалау менеджері Ажар Әбдиева.

Айта кетейік, бұл эко-квест жыл сайын ұйымдастырылады. 2019 жылы квест аясында 18 тонна қоқыс жиналған.

«Біз үшін бұл - карантин жеңілдегеннен кейінгі бірлесіп өткізген алғашқы іс-шара болды. Балалардың мұғалімдермен онлайн режиміндегі кездесулерінен кейін оларды алғаш кездескендерін көру әсерлі болды. Жақсы ұйымдастыру мен логистиканы да атап өткім келеді, ал сыйлықтарды тапсыру балалар үшін жағымды тосын сый болды. Фитнес білезіктер салауатты өмір салтын жүргізуге көмекші ретінде қалады», - деді «Замандас 21» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ксения Радионова.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT