Елордалық туристік полиция электромобиль, квадроциклдермен жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында туристік полицияның жұмыс істеу дағдылары мен әдістері, техникалық жабдықталуының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің халықаралық имиджінің көтерілуі және туристік тартымдылығының артуына байланысты Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылы туристік полиция құрылымын жасақтады. Мұндай бөліністер алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облысында құрылды.
Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Ерлан Тойымбаев атап өткендей, турполиция бірінші кезекте өзге ел азаматтарының біздегі туристік нысандардарға келген кездегі қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған. Бұдан соң жаяу жүргіншілер аумақтарын патрульдеу, шетелдік туристерге консультация беру, қауіпсіз туризм жағдайына мониторинг жасау, туристерді нақты жағдайға байланысты туындаған қауіп-қатер туралы хабардар ету сияқты міндеттер атқарады. Сонымен бірге туристерге қатысты орын алған оқиға бойынша жедел тергеу жүргізу, туристік нысандардағы және жалпы сол нарықтағы қоғамдық қауіпсіздікті күзету және тәртіпті сақтау міндеттерін іске асырады.

Туристік полиция қызметкерлеріне жоғары талаптар қойылатын болады. Бұл бірінші кезекте шет тілдерін білу, Қазақстан тарихы мен туристік нысандардың тарихын білу, туристерде туындаған проблемаларды шешу үшін полицияның басқа бөліністерімен өзара байланысты қамтамасыз ету.

«Туристік полиция қызметкерлері тарихты, шет тілдерін білуі қажет. Тұрғындармен сауатты, сыпайы сөйлесе білуі маңызды. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа жол бермеу кезінде олар рациямен жасақты шақырып, құқық бұзушыны тапсырады. Туристік полицияның негізгі міндеті - шетелдік туристерге оларды қызықтырған құқықтық сұрақтар бойынша түсініктемелер, кеңестер беру. Туристік полиция елімізге шетелдіктерді, инвесторларды тарту үшін құрылды», - дейді Ерлан Тойымбаев.null

Нұр-Сұлтан қаласында туристік полиция қызметке дайын, электромобилдер, квадроциклдары бар. Олардың қызметкерлері «Туристік полиция» деген жазуы бар айырықша жилетпен жүреді, бейнетіркеуіштер, әкімшілік хаттама толтыратын планшеттермен жабдықталды, - деп түсіндірген аға-инспектор, жаңадан құрылған қызмет еліміздің азаматтарымен, сонымен бірге шетелдіктермен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын атап өтті.

Туристік полицияның штаттық саны 65 қызметкерді құрайды (13 аға инспектор және 52 инспектор).

Нұр-сұлтан ПД бойынша-15 қызметкер: Алматы ауданының ПБ - 1 аға инспектор және 4 инспектордан тұрады, Есіл ауданының ПБ - 2 аға инспектор және 8 инспектор жұмыс істейді.

Қызмет атқару орындары - «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтері, «Хан Шатыр» СОО қарама-қарсы аллея»;

Алматы қаласы ПД - 20 қызметкер, Бостандық ауданының ПБ - 2 аға инспектор және 8 инспектор, Медеу ауданының ПБ - 2 аға инспектор және 8 инспектор бар.

Қызмет атқару орындары - «Тәуелсіздік» алаңы, «Көк төбе», «ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы», «Медеу» ШҚ»;

Ақмола облысы ПД - 10 қызметкер, Бурабай ауданының полиция бөлімінде - 1 аға инспектор және 4 инспектор, Зеренді ауданының полиция бөлімінде - 1 аға инспектор және 4 инспектор қызмет атқарады.

Қызмет атқару орындары - «Бурабай», «Зеренді» шипажайлық-курорттық аймақтары»;

Түркістан облысы ПД - 10 қызметкер, Түркістан ПБ - 1 аға инспектор және 4 инспектор, Отырар ауданының полиция бөлімінде -1 аға инспектор және 4 инспектор қызметке кіріскен.

Қызмет атқару орындары - Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, « Арыстан баб»;

Алматы облысы ПД - 5 қызметкер, Алакөл ауданының полиция бөлімінде -1 аға инспектор және 4 инспектор жұмыс істейді.

Қызмет атқару орны - «Алакөл» курорттық аймағы.

Шығыс Қазақстан облысы ПД-5 қызметкер, Үржар ауданының полиция бөлімінде- 1 аға инспектор және 4 инспектор.

Қызмет атқару орны - «Алакөл» курорттық аймағы.

Оған қоса, Алматы қаласы (5), Түркістан (3) және Ақмола (2) облыстарының ПД-не электромобильдер жеткізілді. Бұл көліктерде «Tourist Police» деген жазу бар.

Еске сала кетсек, Бурабай курортты аймағында туристік полиция ашылды. Ал Түркістанда туристік полицейлер 4 тілде еркін сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар