Елордалық түлектер мешітке келіп, үлкендердің батасын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітіруші түлектер үшін «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат muslim.kz сілтеме жасап.

Бірер күннен соң мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басатын жас жеткіншектердің жігерін жанып, рухани қолдау көрсетуге бағытталған бұл шараға елорда мектептерінен 2000-нан астам оқушы жиналды.null

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігі ұйымдастырған шара барысында шәкірттер ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб-мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин, белгілі ақын, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Сарин бастаған бастаған ел ағаларымен жүздесіп, әңгімесіне қанықты. Ел ағалары жас түлектерге өмірлік тәжірибесінен өсиет айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті. Үлкен өмірдің алғашқы сынағынан сүрінбей өтіп, білім көгінде еркін самғауына тілектестік білдіріп, бата берді.null

Шара аясында түлектерге рухани қолдау көрсету, сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, сабырлыққа үйрету мақсатында арнайы бүктемелер таратылды.null null null null null null

null

Соңғы жаңалықтар