Елордалық театр қазақстандықтарды 97 метр биіктіктен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында елордамыздың басты нышаны – «Бәйтерек» монументі кешенінде әдеби-музыкалық қойылымды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Актерлар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен 97 метр биіктіктен құттықтады. Қойылым бағдарламасына елімізде мерейтойлары аталып жатқан қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармалары енді.
Композиция режиссерлары ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов және ҚР «Мәдениет қайраткері» Людмила Крючкова атап өткендей, театр репертуарына жаңадан қосылған қойылым сценарийі мереке қарсаңында қайта қаралып, жас актерлардың орындауындағы патриоттық әндермен толықты.
«Дайындалған шығарманы «Бәйтерек» кешеніне келген барлық меймандар тегін тамашалай алды. Көрермендер қатарында елордаға мереке қарсаңында келген Алматы, Шымкент, Қостанай және Қарағанды қалаларының тұрғындары. Сондай-ақ, композиция Польша мен Бельгиядан келген туристер үшін қазақ әдебиетінің экскурсы ретінде өз пайдасын тигізді. Шетелдік меймандар әртістердің өнеріне тәнті болып, авторлардың шығармаларына қызығушылық білдірді», - деді театрдың баспасөз қызметінен.
- Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды
- Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
- Елордада есірткі сатушылар ұсталды
- 2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – Нұр-Сұлтан әкімі
-
Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
-
Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам