Елордалық суретшілер өз әріптестерін сайлауда дұрыс таңдау жасауға үндеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан суретшілер одағының мүшелері жиналып, алдағы президент сайлауына дайындық мәселелерін талқылады. Жиын елорданың сурет галереясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суретші Сейсенхан Махамбеттің айтуынша, бүгінде көптеген қоғамдық-саяси процестер жылдам жүреді. Бұрын 100 жылда болатын нәрсе бүгінде 20 жылдың ішінде жасалады. Ал Қазақстан жас мемлекет болса да, тәуелсіздік жылдары ішінде іргесін біршама бекітіп, дүниежүзінде бет-бейнесін айқындап алды.

«Қазақ халқы қашанда тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдаған, қай мәселе болса да, мәмілемен шешуге тырысқан. Қазір де солай. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы көп нәрсе жасап кетті. Енді біз өз таңдауымызды жасауға тиіспіз. Сайлауға кімнің түсетіні әлі толық анықталған жоқ. Бірақ біз тыныштық пен тұрақтылық үшін дауыс береміз. Біз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктен айырылмауымыз қажет. Ал Тәуелсіздікті сақтап қалудың бірден бір жолы - халықтың ауызбіршілігі мен елдің тұрақтылығы. Қандай мәселе болса да, біз ортақ мәмілеге келіп, бүйректен сирақ шығармай, бір бағытта жұмыс жасауымыз керек», - деді С.Махамбет.
null

Елорданың суретшілер одағының төрағасы Жанұзақ Мүсәпір де өз әріптестерін дұрыс таңдау жасауға үндеді.

«Себебі ол - еліміздің болашағы. Осыған байланысты 9 маусым күні бәріміз сол жерде болуымыз керек, сайлауға бір адамдай қатысуымыз қажет», - деп атап көрсетті Ж. Мүсәпір.

null

Соңғы жаңалықтар