Елордалық студенттерді хостелдерге орналастыруға ай сайын 19 млн бөлінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі колледж студенттерін хостелдерге орналастыру үшін ай сайын 19 млн теңге бөледі. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан шаһар басшысы Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттік баспанаға қатысты айтар болсам, қалада шамамен 90 мың студент бар. 32 жатақхана жұмыс істейді, онда 14 мың студент тұрып жатыр. Дегенмен, тағы 11 мың студент жатақхананы қажет етеді», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні елорданың жоғары оқу орындарына жатақхана салу үшін 15 жер телімі бөлінген. Бүгінде ЖОО-лар жатақхана құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салу үшін қажетті құжаттарын дайындап жатыр. Құрылыс таяу уақытта басталады.

«Колледж стуженттері үшін тұрғылықты жер мәселесі жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс арқылы хостелдерге орналастыру есебінен толықтай шешілді. Жан басына қаржыландыру үшін бюджеттен ай сайын 19 млн теңге бөлінеді. Бұл жатақхана салуға кететін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар