Елордалық студенттер Сеулде тегін білім алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі елдің астаналары арасындағы меморандум аясында биыл 1 наурыздан бастап Астана қаласындағы колледждердің үш студенті Сеулде оқитын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2004 жылдан бері бағдарлама бойынша автодәнекерлеуші, жиһаз дизайнері, визажист, аспаз, интерьер дизайны, автомобиль механикасы, кулинария және бағдарламалау бойынша жас мамандар даярланды.

Келісім жасалғалы елордалық 70 астам студент Сеулде оқып, оқуды табысты аяқтағандары туралы сертификаттар алды. Төрт жыл бойы әлемнің сегіз елінің ішінен астаналық студенттер командасы бірнеше рет Сеул мэрінің ерекше ілтипатына ие болып, оқудағы үздік жетістіктері үшін хрусталь кубокпен марапатталды.

Конкурсқа іріктеу кезіндегі қойылатын басты талап - ағылшын және корей тілдерін еркін меңгеру, сондай-ақ, таңдаған мамандық бойынша одан әрі жұмыс істеуге ниеті. Биыл білім гранты Политехникалық колледж студенттері Дамира Төлегенова мен Давид Забировқа «Бағдарламалау» және «Автомобиль техникасы», сонымен қатар «Бағдарламалау» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінің студенті Айтуар Салиховқа берілді.

Соңғы жаңалықтар