+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Елорда сақшылары қала шетінде дағдыларын шыңдап қайтты

2019 жылғы 23 қазан 23:28
Бөлісіңіз:
Елорда сақшылары қала шетінде дағдыларын шыңдап қайтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы қала шетінде оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зорланған 7 жасар қыз туралы іс құжаттарын интернетке таратқан полицейлер жазаланды – ШҚО «Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады Полиция қызметінде жол қозғалысын реттейтін таяқшаның пайда болғанына ғасырдан асқан

Жеке құрам қаладан шамамен 30 шақырым жердегі оқу-жаттығу полигонында күнделікті дайындық жұмыстарын жүргізеді екен. Алдымен, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауға бейімделген Полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы бөлімшесі алыс және жақын қашықтықта нысана көздеді. Заманға сай жарақтанған сарбаздардың бірін сөзге тарттық. Басшылықтың бұйрығына сай, бетпердесін шеше алмайтынын және аты-жөнін атай алмайтынын түсіндірген қызметкер, өз ойымен бөлісуден қашқан жоқ.


«Бүгін атыстан дайындық жұмыстарын пысықтап, жеке және топ құрамында даярлығымызды шыңдадық. Сонымен бірге, көлік құралын, мәселен, автобусты лаңкестер басып алған жағдайда ешбір адам зардап шекпейтіндей мақсатты көздеп, дағдымызды тексеріп көрдік. Ондай жағдайда қылмыскерді еш құрбансыз ұстау міндеті қойылады. Бөлімшеміздің міндеті – департаменттің, ІІМ басшылығының бұйрығын бұлжытпай орындау. Мұндай оқу-жаттығу жұмыстарын күн сайын жүргіземіз. Сонымен бірге, денені қалыпта ұстауға, оның даярлығына ерекше маңыз беріледі», - дейді ол.


Сарбаздың айтуынша, қызмет бабында қарапайым азаматтарға қауіп төнетін жағдайлар жиі кездесіп жатады. Мәселен, былтыр елордада ломбардтардың біріне қылмыскер тап беріп, сондағы қызметкер әйелдің өміріне қауіп төндірген. Алайда сақ сарбаздардың арқасында ешкім зардап шекпей, қылмыскер қолға түскен.


Оқу-жаттығу жұмысына кинологтар да келді. Департаментке қарасты Кинологиялық қызмет орталығынан әскери мамандар «Вектор» мен «Куба» атты екі ит алып келген. Олармен жұмыс істейтін мамандардың айтуынша, қызметтік иттердің өзі бірнешеге бөлінеді. «Вектор» мен «Куба» қылмыс кезінде күдіктілерді ұстайтын «шабуылдаушы» иттер екен.


«Вектор» мен «Куба» қашып бара жатқан қылмыскерді қалай ұстау керектігін көрсетті. Арнайы қалың киім киіп, қаша жөнелген сарбазға бірден жеткен иттер кез келген күдіктінің құтыла алмайтынын дәлелдеді.












Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT