Елордалық полицейлер жалғызбасты зейнеткерге отын түсіріп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қақаған қысты күні жылусыз қала жаздаған жалғызбасты зейнеткерлерге полиция қызметкерлері бір машина отын түсіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, учаскелік полиция қызметкері өзіне бекітілген аумақты тексеріп жүріп, жер үйлердің бірінде әженің жалғыз тұратындығын, отын сатып алуға ақшасы жоқ екендігін біледі. Осыдан кейін полиция қызметкерлері бір машина отын сатып алып, әженің үйіне жеткізіп берді.

«Отыным бітіп қалды. Ал қазір далада қатты аяз болып тұр. Онсыз да отынды үнемдеп, күніне бір-ақ рет пеш жағып отырдым. Шынымды айтсам, полиция қызметкерлері отын жеткізіп бермегенде үйде қатып қалар едім», - деді әжей.

Полицейлер отынды тек жеткізіп қоймай, оны бұтап, әжеге қыс бойы жететін қор дайындап берді.

Сонымен қатар сол күні полиция қызметкерлері бірнеше мұқтаж отбасыға барып, оларға азық-түлік жиынтығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар