Елордалық полицейлер айыппұл төлеу жолдары туралы айтып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері өткен аптада Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6,5 мыңнан астам жағдайын анықтады. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтында хабарлады.
Күн сайын жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және апаттылықтың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлері Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларына ерекше назар аударады. Атап айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, жолдың қарсы бағытына шығу, көлікті мас күйде басқару.
Апта ішінде жол қозғалысын қадағалау барысында көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 630 жүргізуші ұсталды; бағдаршамның қызыл шамына жүріп өткен 200 астам көлік тіркелді; жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол беру талабын орындамаумен байланысты 140 бұзушылық; жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 100 жағдайы, жолдың қарсы бағытына шығу мен апатты жағдай тудырудың 70 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 30 жүргізуші ұсталды, 68 көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Астана қаласының Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік заңнамасына сәйкес (ҚР ӘҚК 810-811б.)Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды (автоматты түрде бақылау-өлшеу құралдарымен тіркелген бұзушылықтардан басқа)7 тәуліктің ішінде көрсетілген айыпұл сомасының 50 пайызы мөлшерінде төлеуге болады.
Бұдан басқа, айыппұлдарды Қазақстан Республикасының ІІМ веб-порталында «Айыппұл төлеу» бөлімінде (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_iu/oplata) интерактивті қызметті пайдалана онлайн режимде төлеуге болады. Бұл бөлім автоматты түрде «Электронды үкімет» порталына өтеді, онда ұсынылған автоматтандырылған қызмет түрлерінің бірімен төлем жасауға болады.
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Астанаға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елордада төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 22 адам жауапқа тартылады
-
ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады
-
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




