+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Елордалық өнерпаз ғимараттарға ерекше ажар берудің тәсілін тапты

2020 жылғы 15 ақпан 17:41
Бөлісіңіз:
Елордалық өнерпаз ғимараттарға ерекше ажар берудің тәсілін тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық өнерпаз Алмаз Дүйсебаев Photoshop графикасы арқылы елорда ғимараттарын жерасты көріністері арқылы басқаша қырынан көрсетті. Тылсымға толы ерекше фотосуреттер әлеуметтік желілер көмегімен лезде таралып, жұртшылықтың қызығушылығын танытты. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі компьютерлік шығармашылық туындылардың авторымен тілдескен болатын.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтаннан сыртқа шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды Елордадағы қасқырлар туралы жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде Полицейлер құқық бұзған елордалық екі тұрғынды әуе рейсінен түсіріп алды

«Жақында болған боран, бұрқасын күндері мен суретке түсіп, үйге келген соң көңілдірек болуы үшін оған пингвин және аюдың суретін қостым. Оны Facebook, Instargam әлеуметтік парақшаларыма жүктедім. Кейін байқалғандай, бұл көп адамдарға ұнап, «лайк» басып, пікірлерін қалдырды. Содан соң Нұр-Сұлтандағы ғимараттарды Photoshop арқылы басқаша көрсету идеясы келді. Жалпы мұндай шығармашылық жұмыстарды бұрын шетелдік пабликтерден көргенмін. Сол есіме түсіп, елордадағы бірнеше ғимаратты таңдап алдым. Оның үстіне Нұр-Сұлтан басқа қалаларға қарағанда өзіндік архитектуралық стилімен ерекшеленеді. Басында 1-2 ғимаратқа Photoshop редакциялау арқылы басқаша жан бітіріп көрдім. Көп адамдар жазып, өз пікірлерін білдіріп жатты. Ұнатқан адамдардың саны көп болды, дегенмен «қорқынышты көрінеді» дегендер де табылды», - дейді Алмаз Дүйсебаев.

Астаналық өнерпаздың шығармашылық нысандарының қатарында елордадағы Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық архив ғимараты, ЭКСПО, «Хан шатыр» ОСО, Jýsan Bank, Астана LRT, «Қазақконцерт» ғимараттары бар.

«Бұл жерде өнерпаздық талғамнан бөлек, фотошоппен жұмыс істеу білу маңыздырақ. Айтар болсақ, бір ғимараттың суретін дайындауға 1-2 сағат уақыт жұмсалады. Осылайша бір күнде 2-3 ғимаратты әзірлеп шықтым. Осыдан соң ұсыныстар да келіп түсе бастады. Жақында балаларға арналған фильм түсірушілер өз туындыларының ішінде фэнтези стилінде менің жұмыстарымды қолдануды сұрады. Бірақ менің жұмыстарым фильм деңгейіне жетпейді, ол үшін басқа форматта жасап жетілдіру қажет. Әзірге фильм түсірушілер ойланатындықтарын айтты», - дейді ол.

Алмаз Дүйсебаев біраз жылдар телевидение саласында жұмыс істеген. Соңғы уақытта өз ісін ашып видеоға түсіру, 3D графика, жарнамамен айналысады.

Айта кетсек, елордалық өнерпаз жасаған фантастикалық фотосуреттер әлеуметтік желі арқылы таралып, көп қолданушылардың ықыласына бөленген болатын.






Фото: www.instagram.com/almaz_duisebayev


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT