+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордалық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында топ жарды

2016 жылғы 20 ақпан 10:33
Бөлісіңіз:
Елордалық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық оқушылар Алматыда өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші және соңғы кезеңінде жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бірнеше жылдан бері астаналықтар алтын алып, «Ең үздік команда» атағын иеленіп келеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Бұл жолы Астана қаласы оқушыларының командасы 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медальға, сондай-ақ, 6 грамотаға қол жеткізді.

Төрт бірінші орынды №60 және №1 мектеп-лицейінің оқушылары алды. Күміс медаль №60 мектеп-лицейінің, Қазақ-түрік лицейінің және «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оқушыларына бұйырды. № 1, 27, 54, 59, 63, 78 мектептерінің оқушылары үшінші орынға табан тіреді.

Енді Астана құрама командасы өз еңбектерін 8-13 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өтетін Intel ISEF-2016 оқушылардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында таныстырады.

Республикалық жарыс барысында барша Қазақстаннан жас зерттеушілер 600-ге жуық ғылыми жоба ұсынды. Соның ішінде 59 жобаны 77 елордалық оқушы дайындаған.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы республикалық конкурс «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдер» тақырыбында өтті. Жарыс төрт бағыт бойынша 18 секцияда ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсімнің қайнар көзі», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негіздемесі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешек туристік бағыттар».

Ғылыми жобалар республикалық конкурсын өткізудің ережелеріне сәйкес ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім гранттарын алуға зор мүмкіндікке ие болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT