+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Елордалық оқушы: Болашағымды волонтерлікпен байланыстырамын

2020 жылғы 12 ақпан 16:57
Бөлісіңіз:
Елордалық оқушы: Болашағымды волонтерлікпен байланыстырамын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Зерде» мектебінің оқушысы Аружан Мақсұтованың волонтерлікті жанына серік еткеніне екі жыл болыпты. Ол көңілінен шыққан волонтерлік қызметті алдағы уақытта да атқара бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдан бері волонтермін. Волонтерлік қызмет барлық уақытта да ұнайтын. Ол сенің екінші отбасың сияқты. Мүмкін болашақта да өмірімді осы іске арнайтын шығармын. Өйткені өзіме қатты ұнайды. Сондықтан жаңа шараларға барып, адамдарды біле түсуге, отбасыма көп адамды тарта түсуге тырыспақпын. Волонтерлік қызметтің арқасында көптеген жаңа адамдармен таныстым. Волонтерлердің арқасында фотографияны жақсы көретіндігімді біліп, өзім де фотографқа айналдым. Бұған қоса, уақытымды пайдалы іске арнап, адамдарға көмек қолын созатындығымды түсінемін», - деді ол волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуына арналған шарада.

Аружан Мақсұтова елордада өткен Димаш Құдайбергеннің концертін, IronMan жарысын, көптеген концерт пен көрмені ұйымдастыруға қатысып, ысылған. Волонтерлермен ақша жинап, балалар үйлеріне тамақ пен ойыншықтар жіберуге атсалысқан.

«Сәбилердің жүзіндегі шынайы қуаныш бізді шабыттандырады. Әрине, бұл шаралардың бәрінен бұрын мені Димаштың концерті таң қалдырды. Сүйіп тыңдайтын, теледидардан сан мәрте тамашалаған әншіңнің жанды бейнесін жақыннан көрген сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Ал сол бақытты сәт волонтерліктің арқасында бұйырды», - деді жас волонтер.

Волонтерлікке құрбысының үгіттеуімен келген Аружан бұл ісіне еш өкінбейтіндігін айтады.

«Волентерлікке тосыннан келдім, бұл қозғалысқа құрбым шақырған еді. Келісімімді берген сәттен бері әлі бір рет те өкінген емеспін», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT