Елордалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізуде. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші Ардақ Балажанова 30 игі іс акциясына қатысқаныма қуанышты екендігін жеткіізді. Мерекеде төрт ұл, екі қыздың анасы Нұрзия ханыммен қауышып отырмыз. Қайырымдылық жасауға асығайық. Мереке құтты болсын!», - дейді ол.

«30 игі іс» акциясы барысында қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлерге аулаларынан қар шығаруға, үй ішін тазалауға, көмір жеткізуге, үйсіз жануарларға арналған баспаналарға көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, еріктілер коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шарасы өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.



Соңғы жаңалықтар