Елордалық құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтауға шақырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық құтқарушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД мәліметінше, судағы өлім жағдайларының шамамен 80%-ы азаматтардың мас күйінде шомылуы, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылуы салдарынан болады.

«Елордада ағымдағы жылы ресми түрде шомылуға арналған 4 орын рұқсат етілген. Олармен «2gis» платформасында танысуға болады.

Шомылу кезеңінде күнделікті патрульдеуге 50 сүңгуір-құтқарушы, 15 сүңгуірлік жарақтары бар жедел-құтқару техникасы, 6 жүзу құралдары (2 кеме, 4 қайық) тартылған», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар