+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Елордалық көпбалалы ана қос бірдей баспанаға ие болды

2019 жылғы 10 қыркүйек 16:21
Бөлісіңіз:
Елордалық көпбалалы ана қос бірдей баспанаға ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» арнасындағы «Niet» бағдарламасында көпбалалы анаға екі баспана сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес балалы жалғызбасты ана, екінші топтағы мүгедек Зүлфия Жұмабаева бағдарламаға көмек сұрап хабарласқан. Оның паналайтын тұрақты баспанасы болмаған.

«Осыған дейін демеушілердің, қайырымды жандардың көмегімен күн көріп жатырмыз. Балалардың күнделікті қажеттілігін зейнетақыға аламын. Мұқтаждығымыз – тек баспана», - деген көпбалалы анаға тікелей эфирде Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғыны хабарласып, екі бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты. Бұл бағдарлама ұжымы үшін де, көмек сұрап келген көпбалалы ана үшін де күтпеген жағдай болды. Одан бөлек, «Қарекет» қайырымдылық қорының өкілдері үш бөлмелі баспананың кілтін табыстады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, екі сағат тікелей эфирде жүретін бағдарламаға 80-ге жуық адам қоңырау шалып, Зүлфия Жұмабаеваға қаржылай көмек ұсынды. Эфир барысында көпбалалы ананың денсаулығына медициналық тексеріс қажет екені айтылған. Бұл мәселені «Niet» жобасының сарапшылар құрамындағы мамандар назарға алмақ.

Айта кетейік, күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы әлеуметтік бағыттағы «Niet» бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Тікелей эфирде өтетін әрбір хабар белгілі бір адамның, отбасының мәселесіне арналып, арнайы сарапшылардың ақыл-кеңесімен шешімін табады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT