+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді

2019 жылғы 29 желтоқсан 21:08
Бөлісіңіз:
Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды ШҚО-да еріктілер жылы салтанатты түрде ашылды 2020 жылы Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы тойланады

Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсету, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Достық үйінің концерт залында өткен шараға 100-ге жуық бала мен ата-ана қатысты. Олардың арасында танымал продюсер Алпамыс Шәрімов, жайдарманшы Ғалым Махамбетов пен ұлы Расул да болды. Аяз ата мен Ақшақар, Микки Маус пен Гринч, Миньон және Темір адам бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойып, бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлаы. Арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

Мереке соңында әр балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесмен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, қайырымдылық шыршасы «ОСК Стройсервис» ЖШС бас директоры, елордалық «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Даут Генхузовтың мұрындық болуымен аталып өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT