Елордалық ҚХА «Қамқор» қайырымдылық акциясын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Ассамблея этномәдени бірлестіктер құрамындағы кәсіпкерлермен бірлесіп, «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы астана әкімдігі ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған акция ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орайластырылған. Акция аясында 60 отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды.

«Біз сіздерден достықты, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті үйренеміз, батылдықтарыңызға бас иеміз. Сіздердің ерліктеріңізді қашанда мақтан тұтамыз!» - деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов.

Көмек алған отбасылар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, денсаулық, амандық және істеріне табыс тіледі.

Қайырымдылық пен мейірімділік, өзара құрмет – Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ұстанымы. Достық үйіндегі «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс жасап келеді.


Айта кетейік, өткен жылы «Қайырымды істер марафоны», «30 қайырымды іс» акциялары аясында 55 акция өткізілді, 5 800 адам жалпы сомасы 36 млн теңгеге көмек алды. Биыл жыл басынан бері 11 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 3000 отбасыға жалпы сомасы 11 млн 200 мың теңгеге көмек көрсетілді. Бұған дейін елордалық Ассамблея еріктілері «Жылы жүрек, ізгі тілектер!» ұранымен науқас балалардың еміне қаржылай көмек көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар