Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық кәсіпкер Ернұр Болатұлы жуналистерге, қала тұрғындарына және көше тазалығына жауапты жұмысшыларға тегін маска таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкер өз ісімен халықты коронавирус індетімен бірлесіп күресуге шақырғысы келеді.

«Бұл – еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Осындай жағдайда дертпен бүкіл адамзат баласы бірлесіп күресуі тиіс. Өкінішке орай, бір-бірімізге қол ұшын бергеннің орнына, қажетті заттардың бағасын көтеріп, бетперделерді қымбатқа сатып жатқан кейбір алыпсатарлардың ісі мені қатты ойландырды. Қолымнан келгенше солардың қолындағы маскаларды жинап алып, халыққа тегін таратайын деп шештім. Әрине ең әуелі алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруіміз керек. Сонымен бірге жарқұлағы жастыққа тимей халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп жатқан журналистердің еңбегі ерекше деп айтқым келеді. Осындай қиын сәтте далада жүрген көше тазалықшыларының да еңбегі ерен. Сол үшін алғашқы маскаларды осы кісілерге тараттық. Барлықтарыңызға белгілі, биыл - Волонтер жылы. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді қиын күнде халықпен бірге болуға шақырамын», - дейді Е. Болатұлы.




Бүгін кәсіпкер 2 мың данаға жуық медициналық масканы таратып берді.

Ернұр Болатұлы қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.



Соңғы жаңалықтар