Елордалық кәсіпкер мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Сатурн» ЖК-нің басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді, деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Д.Ш. Малдыбаев 2017 жылдың қазанынан желтоқсанына дейінгі аралықта «Сатурн» ЖК-нің атынан өтінімдер беру арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тапсырыс берушілері отыздан астам мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым болған электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысты. Өтінімдерде ол жанар-жағармай материалдарын ҚР-ның аумағында ЖЖМ сатып алу бағасына сәйкес келмейтін төмендетілген бағамен сатуды көрсеткен.
Сонымен бірге, Малдыбаев Д.Ш. конкурстық құжаттамаға сәйкес электронды мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен жағдайда тапсырыс берушілер ЖК-мен келісімшарт жасасқаннан кейін бірден 100% төлем жүргізетінін нақты білді.
Айыпталушы осы жағдайды пайдаланып, отыз бір мемлекеттік мекеме және бюджеттік ұйымға қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған, нәтижесінде мемлекетке 60 млн. теңгеден астам залал келтірді.
Оның халықаралық іздеуде болғандығын және Қырғыз Республикасының аумағында ұсталғандығын атап өткен жөн.
Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-т. бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
- Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды
-
Алаяқ әйел 4 өңір тұрғындарын алдап соққан
-
Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам