Елордалық қарт майдангер Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеудегі шеруге қатысуға ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь майданына қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Мінайдар Боранбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысуға ниетті. Бұл туралы ол бүгін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, М.Боранбаев 1944 жылы 17 жасында майданға алынған болатын. Ол Беларусь жерінде өткен соғыстарға қатысып, Еуропаның бірқатар қалаларын басқыншы фашистерден азат ету ұрыстарында ерлікпен шайқасты.

«Біз бұл Ұлы Отан соғысынан аман оралдық. Бұл қасіретті соғысты адам баласының басына бермесін. Мен өзім Қостанай облысынан едім. Амангелді ауданынан аттанған 500 жігіттің ішінен көбісі оралмады. Олардың барлығы еліміз үшін, болашағымыз үшін кеудесін оққа тосты. Жалпы қазақ халқы осы қан майданда үлкен ерлік көрсетті. Алдағы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр. Осы орайда жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге айрықша мән беру керек деп ойлаймын», - дейді қарт майдангер.

Ардагер өз сөзінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеудегі шеруге қатысуға дайындалып жатқандығын атап өтті.

«Салтанатты шеруге немереммен бірге барамын. Денсаулық жағдайым дұрыс болып жатса, бұл шараға міндетті түрде барамын деп жоспарлап отырмын», - деді М. Боранбаев.

«Жалпы осы биылғы 2015 жыл Қазақстан үшін табысты болсын. Елбасымыз аман болсын! Президентіміз Қазақстанның дамуы жолында үлкен жұмыстарды атқаруда. Еліміздің әл-ауқаты жақсара берсін. Еліміздің берекесі мен бірлігі арта берсін», - деген тілегін білдірді қарт майдангер.

Соңғы жаңалықтар