Елордалық кәрістер қарттарға қолдау көрсетті

None
None
НҮР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы дәстүр бойынша бүкіл әлемдегі кәрістер ең маңызды отбасылық кәріс мерекелерінің бірі – Чхусокты атап өтетін. Чхусок-кәрістердің астық мерекесі. Онда адамдар жақындарымен уақыт өткізіп, демалып, дәстүр бойынша ата-бабаларына құрмет көрсету үшін тәтті дастархан басына жиналатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы Чхусок Қазақстандағы қарттар күнімен сәйкес келеді. Әдетте бұл күні Нұр-Сұлтан қаласындағы кәрістер этномәдени бірлестігі Қазақстанның этникалық кәрістерінің қарт тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күй сыйлайтын. Ән айтып, би билеп, түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылатын. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты этномәдени бірлестік бұл іс-шараны қажетті деңгейде өткізе алмады.

Соған қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының кәрістер этномәдени бірлестігі елордалық қарт кәрістерге азық-түлік пен COVID-19-дан қорғану құралдарын үлестірді. Азық-түлік себетіне 5 кг ұн, түрлі жарма, қант және өсімдік майы қосылды. Қорғаныс құралдары да берілді: медициналық маскалар мен қолғаптар, түрлі дәрумендер. Жалпы жиыны 26 кг құрайды.

Аталған іс-шара аясында 80 жастан асқан 70-ке жуық адам қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы жалғызбасты қарт кәрістер, мүмкіндігі шектеулі жандар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары осындай қолдауға ие болды.

«Кәріс этномәдени бірлестігінің еріктілері тату жұмыс атқарды. Барлық санитарлық нормаларға сай азық-түлік пен қорғаныс құралдары бар себеттер тікелей мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізілді»-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар