+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Елордалық еріктілер ауызашар қоржынын жеткізуге тартылады

2021 жылғы 9 сәуір 12:28
Бөлісіңіз:
Елордалық еріктілер ауызашар қоржынын жеткізуге тартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов Рамазан айында мешітке келудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада сегізінші веломаусым басталады Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады Нұр-Сұлтанда келіншек әлеуметтік желіде танысқан ер адамды тонап кетті

«Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан, осыған қатысты ережелерді айтып кетейін. Бес уақыт намаз тек жекелеген түрде оқылады. Яғни, жамағатпен намаз оқылмайды. Мешіттің есіктері ашық. Әрбір мешітке келуші жеке құлшылық ете алады. Қасындағы адаммен ара қашықтық міндетті түрде 2 метр болуы керек. Бұған біз жіті мән беруіміз керек. Намаз оқитын залдарда имамдар, намазға келуші адамдардың бәрі міндетті түрде маска тағуы қажет. Маска тағу бізде күн тәртібінен қалмайтын мәселе қазір», - деді имам.

Ол, сондай-ақ ауызашар қоржындарын тарату ісі әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырылатынын мәлім етті.

«Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын ұйымдастырып беруіміз керек. ҚМДБ-нің осындай нұсқауы бар. Біз бұл істе әкімдікпен бірге қаламыздағы еріктілер мен мешіт жамағатын тарта отырып, арнайы ауызашар қорапшаларын жеткізетін боламыз.

Намаз оқып болғаннан кейін біз келушілерге мешіттен тезірек шығуға өтініш жасаймыз. Жасы үлкен қариялардың, жас балалардың мешітте емес, үйде құлшылық жасауына кеңес береміз. Бір ескертетін жағдай, Тарауық намаз жамағатпен оқылмайды», - деді астананың бас имамы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жанна Пралиева елордада коронавирус жұқтырғандар бір аптада 12 пайызға өскенін мәлім етті.

Мамандардың айтуынша , ораза ұстаған елордалықтар да вакцина ала алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT