Елордалық емханаларда бахила тарату тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана - адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде медициналық мекемелерде бахила тарату тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, емделушілер дәрігерлердің бахила кию керек деген ескертпесіне жиі арызданған.

«Біз өзіміздің қызмет алушыларымызға «Нені өзгерткіңіз келеді» деген сұрақ қойдық және жауап алдық. Сауалнамаға 500-ден астам адам қатысқан. Кейбіреулер емханаларда ішетін ауыз су болғанын қалайды, кейбірі медорталықтарға келгенде бахила сатып алғызатынын, біреулерге ілініп тұрған ақпараттар түсініксіз екендігі айтылды. Біз барлық арызды жинап алдық та шешуге тырыстық. Жоба әзірге аяқталмады, дегенмен қазірдің өзінде біздің медорталықтарда оң өзгерістер бар», - деді Қ.Надыров.

Айта кетейік, айтылған міндеттерді жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар