Елордалық екінші сынып оқушылары мультфильм жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №27 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптары бағдарламалау бойынша жаңа  әдіспен оқытылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз оқу бағдарламасын 2017 жылы жасап шығардық. Бастама балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, креативтілікке, болашаққа әзірлікке баулиды. Оларға гаджеттер мен компьютерлерді ойыншық ретінде емес, жұмыс істеуге арналған құрал екенін түсіндіре үйреткіміз келеді. Балалар бағдарлама аясында анимациялар мен мультфильмдерді, өздері құрастырған ойындарды жасап шығаратын болады. Олар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін осылай паш ете алады», - дейді «Зерде» холдингі Цифрлық дағдыны дамыту департаментінің директоры Лаура Жұманәлиева.

Оның айтуынша, аталған бастама холдингтің арнайы жобасы болып отыр.

«Біз бағдарламаны барынша кеңейтуді көздеп отырмыз. 2018-2019 жылдары жобаға өзге де облыстың мектептері атсалысады. Бұл тек апробация болатын. Аздаған кемшіліктерін байқаған соң, бағдарламаны қайта әзірлейтін боламыз. «Зерде» авторлық құқық бағдарламасы деген арнайы куәлік те алдық», - дейді ол.
null

Балалар мектепте ашық сабақ барысында әкімдіктің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері үшін өздерінің компьютер тілін меңгерген дағдыларын паш етті.

«Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауы, «Цифрлық Қазақстан» мен «Smart Astana» бағдарламалары аясында басталды. Тұңғыш рет биылғы оқу жылында жоба бастауыш сыныптардың оқушылары үшін енгізілді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі неде? Бұл ретте оқыту балалар үшін ойнату формасында жүргізіледі. Бұл - әлемнің барлық балалары оқытылып жатқан скретч (бағдарламалау тілі) әдісімен жүргізілуде», - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар