Елордалық екі жасөспірімнен АИТВ анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астаналық 2 жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім», - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, биыл наурызда жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтыратыны туралы ресми ақпаратпен бөліскен едік.

Айта кетсек, бүгін елордада қаладағы эпидемиологиялық-санитарлық жағдай таныстырылды. Брифинг барысында белгілі болғандай, қалаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталды.

Сондай-ақ Астанада А гепатитінің тарауы 88% артқаны айтылды.


Соңғы жаңалықтар