+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Елордалық екі мыңнан астам бала «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алады

2019 жылғы 24 тамыз 13:51
Бөлісіңіз:
Елордалық екі мыңнан астам бала «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қала әкімдігі 2255 балаға көмек көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің мекеменің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 143 мектеп қалыпты жағдайда білім беруді жалғастырады Қостанай облысында 7 мыңнан астам оқушы бұрынғыдай мектепке барып оқиды Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді

Акция жалпыға міндетті білім беру қорының құрамына кірмейтін, бірақ мұқтаж болып табылатын аз қамтылған, көпбалалы және жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Акция аясында «Есіл» ауданынан - 400, Байқоңыр ауданынан – 600, Алматы ауданынан – 672, Сарыарқа ауданынан – 463 оқушы көмек алады. Тағы 100 бала қалалық білім басқармасының қолдау шараларымен қамтылады.


Акцияға қатысушыларға отандық өндірушілердің мектеп формасы және қажетті оқу құралдары беріледі.

Осылайша, оқушыларға берілетін мектеп формасының орташа бағасы - 30 000 теңге. Ұлдарға арналған пиджак, шалбар, жейде - 22000 теңге және аяқ киім - 8000 теңге; қыздарға - пиджак немесе күрте, белдемше, жейде, поло - 22000 теңге және аяқ киім - 8000 теңге.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT