Елордалық дәрігерлер туа біткен аномалиясы бар 6 жасар қызға операция жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыз бала елордадағы нейрохирургия орталығына Алматы облысынан жеткізілді. Ата-анасы қол-аяқтарының әлсіздігіне, қозғалыстардың шектелуіне және мойынның мәжбүрлі жағдайына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, қызы бес жасқа дейін толық жүре алмай, балерина сияқты аяғының ұшымен жүрген. Алты жасында ол күрт өсе бастағасын аяқ ұшымен жүруді тоқтатып, төсек тартып қалды.

МРТ зерттеуі мойын-желке аймағы омыртқаларының дамуындағы туа біткен аномалияны көрсетті. Нейрохирургия орталығының дәрігерлері кеңес өткізіп, одан әрі емдеу тактикасы анықталды.

Қыз баланың бірнеше омыртқасының жетіспеуіне баланысты жағдай күрделене түсті, яғни, бұл бастың алға қарай жылжуына әкелді.

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирургі Сапарбек Сейтбековтың айтуынша, операция кезіндегі басты міндет – жұлынды сәтті босату, физиологиялық лордоз жасау және мойын омыртқасын бекіту.

4 сағат бойы ҰҒА академигі Талғат Керімбаевпен бірге Ұлттық нейрохирургия орталығының хирургиялық бригадасы, 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар, дәрігер-нейрохирург, PhD Виктор Алейников және балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігер-нейрохирургы Сапарбек Сейтбеков омыртқаларды реконструкциялау бойынша аса күрделі операция жасады.

«Операция кезінде омыртқаларға қол жеткізуде техникалық қиындықтар туындады, бұл толық параличке немесе өлімге әкелуі мүмкін ми бағанасы мен жұлынның, қан тамырларының зақымдалу қаупімен қатар жүрді. Мұндай күрделі операциялар сирек және нейрохирургияның жетекші мамандандырылған орталықтарының деңгейінде ғана жасалады», - деп атап өтті ҰНО перифериялық жүйке жүйесінің омыртқа нейрохирургиясы, патологиясы бөлімінің меңгерушісі Талғат Керімбаев.

«Бақытымызға қарай, операция сәтті өтті, қазір спастиканың регрессиясы, төменгі аяқтың бұлшық еттерінің күшеюі түріндегі динамика байқалады», - дейді емдеуші дәрігер.

Бұл қымбат операция кішкентай пациентке МӘМС есебінен тегін жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар