Елордалық бірқатар азамат ТҮРІКСОЙ-дың марапатына ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Достық» үйінде ТҮРІКСОЙ Халықаралық мәдениет ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлерін, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұлтан Раев түркі мәдениетін дамытуға және ілгерілетуге үлес қосқаны үшін халықаралық ұйымының «Абай» медалін қаламгерлер Бауыржан Қарағызұлы, Айгүл Кемелбаева, Жолтай Жұманға, «Шыңғыс Айтматов» медалін Бекболат Парманов, Ұланбырза Қарыпбаев, Шавкат Исмаилов, Майра Омарға, «Низами Гянджеви» медалін Баянғали Әлімжановқа, «Алтын» медалін Сейсенхан Маханбетовке тапсырды.


Соңғы жаңалықтар