Елордалық «Барыс» құрамына канадалық хоккейші қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрамына жаңадан хоккейші қосылып, бірқатар ойыншылар келісім-шарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команда сайтына сілтеме жасап.

Шабуылшы Мэтт Фрэттин енді елордалық клуб намысын қорғайды. Келісімшарт 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. Канадалық хоккейші бұдан бұрын 2017-2019 жылдарда ойын көрсеткен. Былтыр ол Ресейдің «Ак Барс» командасында мұз айдынға шықты.

Сондай-ақ, елордалық клуб қорғаушы Егор Шалапов, шабуылшы Никита Михайлис, Роман Старченко, Антон Некрич, Аркадий Шестаков, Иван Верещагин келісімшарт мерзімін ұзартты.

Әзірге «Барыс» командасына жаңа бапкер тағайындалған жоқ. Елордалық клубқа екі жылдай жетекшілік жасаған Андрей Скабелка енді Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубын жаттықтырады.


Фото ainews.kz


Соңғы жаңалықтар