Елордалық «Барыс» алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті
2022 жылғы 28 маусым 14:51

Елордалық «Барыс» алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті. Команда демалыстан 14 шілдеде шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы екі күнде хоккейшілер медициналық тексеруден өтеді. Ал 16 шілдеге тест тапсыру жоспарланған. Содан кейін елордада 17 шілдеден 15 тамызға дейін оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі басталады.

Команда 16-20 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында ойнайды. Турнирге Ресейдің «Автомобилист», «Металлург» (Магнитогорск), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және Қытайың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командалары қатысады.

Келесі кезекте 21-23 тамыз аралығында «Барыс-Аренада» оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңі өтеді.

«Барыс» 24-27 тамыз аралығында Ресейдің Челябі облысы губернаторының кубогында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Трактор» (Челябі).

Құрлықтық хоккей лигасы маусымының ашылуы 1 қыркүйекке белгіленген.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT