Елордалық балалар жазғы демалысын Лондонда өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «OPEN MIND» қайырымдылық жобасы аяқталып, оның қорытындысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан үш бала жазғы каникулда Лондонға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш ай бойы елорданың «Алматы» ауданында аз қамтылған отбасылардан шыққан 500 бала қазіргі заманғы бағдарламалар бойынша ағылшын тілін тегін оқыды. Арнайы сынақтан және сұхбаттасудан өткен үш үздік Англияға демалысқа барады.

Бұдан басқа, сынақтарды сәтті тапсырып, презентация дайындаған үш дарынды мұғалім британдық баспалардың біріндегі Афины филиалында біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысы, Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Жобаның ресми жабылуында, жобаның жеңімпаздарына Ұлыбританияға жолдама берілді, барлық қатысушылар сертификаттар мен алғыс хаттар алды.

Соңғы жаңалықтар