Елордалық әйел өзін ұрлап кетті деп полицейлерді алдаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда әйел өзін ұрлап кетті деп полицейлерді алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

16 наурызда қалалық полиция департаментіне әйел мен оның екі баласын біреулер ұрлап кетті деген хабар келіп түседі.

Қылмысты ашуға жедел тергеу тобы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Қабылданған іс-шаралар барысында әйел мен оның балалары белгісіз біреудің жеке көлігімен қаладан шығып, оңтүстікке бет алғаны анықталады. 16 наурыз түнде аталған көлік Балқаш қаласына жетпей жолда ұсталады.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері оқиғаның кей тұстары бір-бірімен қабыспайтынын түсінеді. Осылайша аталған қылмысты әйелдің өзі ұйымдастырғаны белгілі болды. Оған тағы екі адам көмектескен.






Соңғы жаңалықтар