Елордалық әуежайды жөндеуге неге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді – комитет төрағасының жауабы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық әуежайы неге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жөнделетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана әуежайы мемлекет меншігінде. Тиісінше, ұшу-қону жолағын жөндеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жоспарланып отыр. Әуежай тарифтері қажетті шығындарды жабады. Дегенмен жерүсті инфрақұрылымын жаңарту үшін қосымша қаражат қажет. Өйткені, бізде тарифтер салыстырмалы түрде арзан. Ел әуежайларындағы тарифтер ТМД елдері бойынша төмен», - деп түсіндірді Талғат Ластаев.

Комитет төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, әуежайды жөндеуге қажет 20 млрд теңгенің барлығы бюджет қаражатынан бөлінетінін мәлімдеді.

Бұған дейін елордалық әуежай жөндеуге байланысты уақытша жабылатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар