Елордалық әуежай уақытша жабылу күндерін жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық әуежай жұмыс уақытында ұшу-қону жолағының жабылу күндерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады.

Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің мамандары жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді.

Сонымен қатар, ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын-ала анықталды. Бұл - 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт.

Айтпақшы, резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щетка арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар болып табылады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.


Соңғы жаңалықтар