Елордалық әнсүйер қауым «Voice of Astana» байқауының қатысушыларымен кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында «Voice of Astana» халықаралық байқауына қатысушылар мен қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары жанкүйерлерімен шығармашылық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, «Voice of Astana» халықаралық байқауы «Сарыарқа» велотрегінде 15 маусым (жартылай финал) және 16 маусым (қорытынды) күндері өтеді.

null
Қазақстанда музыкалық конкурсқа қатысуға 20-дан астам елдің түрлі жанрдағы 500-ден астам әншілері ниет білдірген. Музыкалық жобаның жартылай финалы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Украина, Әзербайжан, Грузия, Армения, Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Болгария, Эстония, Қытай, Үндістан, Моңғолия, Түркия және Израиль елдерінің талантты әртістерін біріктіріп отыр.

null

Конкурстан кейін «Сарыарқа» аренасына шетелдік әншілермен бірге танымал ТМД елдерінің өнерпаздары өнер көрсетеді. 15 маусым күні Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған концерт ұйымдастырылса, 16 маусымда Байғали Серкебаевтың мерейтойлық кеші өткізіледі. Сондай-ақ, «Сарыарқа» велотрегінде Астананың 20 жылдығы құрметіне Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Элина Чага, A-Studio тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев, JCS тобы, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits, Ағайынды Жүгінісовтер, Vox Acapella өнер көрсететін болады.

nullБайқауға қатысушыларға бүгін белгілі қазақ әншілері Әли Оқапов, Рүстем Нұржігіт, әнші Диная және Марсель қолдау үшін келді. Кешті Дүйсен Қалымжанов жүргізді.

nullКездесу барысында жарық жұлдыздар мен халықаралық байқауға қатысушылар жанкүйерлерімен бірге ән шырқап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

null«Біз байқауға қатысушыларға қолдау көрсеткіміз келеді. Сонымен бірге, мақсатымыз - ертеңгі концерт. Байқауға қатысушылар арасындағы ең мықтысы - жүзден жүйрік, мыңнан озық шыққан өнерпаз жеңіске жетсін деген тілек айтамыз. Ертеңгі кеш біз үшін ерекше. Себебі, ертең біздің сүйікті әншіміз - Батырхан Шүкеновке арналған концерт. Яғни, онда тек Батырхан Шүкеновтың әндерін орындаймыз. Әлбетте, әр орындаушы өзіне жарасымды, сай келетін әндерді таңдап алды. Тосын дуеттер мен топтар болады. Барлық әншілер өздерін басқа қырынан көрсететін болады», - деді

nullІс-шараны Астана 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар