Елордалық 100 отбасыға материалдық көмек көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қалада өткен жастар қайырымдылық балы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада осымен екінші жыл өтіп жатқан халықаралық жастар балы аясында 2 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Оның біріншісі «Қайырымды қала» онда халықаралық жастар балының қатысушылар 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға материалдық көмек көрсетті. Ол үшін біз арнайы мұқтаж жандарды таңдап алдық. Сондай-ақ, аталған отбасылардың балалары мерекелік шоу-бағдарламаны тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Ол Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Одан бөлек, қатысушылар «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында қаладағы қарттар және балалар үйлеріне барды. Онда қарттар және балалармен әңгіме дүкен құрып, әсерлі кеш өтті», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Оның айтуынша, жастар аталған қайырымдылық шараларға белсене қатысты.

«Жастарға арналған қайырымдылық балдың басты мақсаты – кеш өткізіп, би билеу ғана емес. Жастарды қайырымдылыққа баулу, қайырымды іс жасауға шақыру. Биылғы жастар балы халықаралық деңгейде өтуде. Балға қатысуға 20-ға жуық елден дебютанттар өтінім білдірді. Соның нәтижесінде 10 түрлі елдің жастарын қайырымдылық шарасы біріктірді. Барлығы да қайырымдылық шарасында ұлтына, тіліне қарамастан өз білсенділіктерін танытты», - деді ол.

Айта кетсек, кеше Нұр-Сұлтанда «Бір әлем – бір өмір» (One world – one life) атты халықаралық жастар балы өтті. Оған Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия, Венесуэла және өз еліміздің дебютанттары қатысты.

https://kaz.inform.kz/news/nur-sultanda-kayyrymdylyk-baly-otip-zhatyr_a3595874

Соңғы жаңалықтар