Елордаға жыл басынан бері 1251 Ресей азаматы келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға жыл басынан бері ТМД елдерінен 6200-ден астам Өзбекстан, 1251 Ресей, 871 Қырғызстан және 973 Тәжікстан азаматы келді.

Бұл мәліметтерді Нұр Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, елордада шетелдіктердің болуын бақылаудың тиімділігін одан әрі арттыру, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өтіп жатыр.

Елордалық гарнизон қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін бұзудың 633 фактісін анықтады.

Биылғы жылдың басынан бері келген шетелдіктердің 10 мыңға жуығы ТМД азаматтары, ал алыс шет елдерден 3,5 мыңнан астам адам келді.

«Мысалы, елордаға алыс шетелден уақытша келген азаматтардың ішінде 369 Түркия өкілі, 148 Үндістан және 317 Ұлыбритания азаматы бар. Елордада жыл басынан бері ТМД елдерінен 6200-ден астам Өзбекстан азаматы, 1251 Ресей азаматы, 871 Қырғызстан азаматы және Тәжікстаннан 973 адам келді. Негізінен шетелдіктер елордаға жұмыс істеуге келеді, осындай мақсатпен келген шамамен 10 мың азамат тіркелді. Елордаға оқуға 588 шетелдік студент келген.

2022 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1814 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен елден 410 шетелдік шығарылды»,-делінген хабарламада.

Полицейлер шығарып жіберу туралы шешімнің орындалмауы қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.

«Көші-қон қызметінің өкілдері елордада шетелдіктердің болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, олардың елден уақтылы кетуін тұрақты түрде бақылайды. Қала аумағында заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау үшін жүйелі түрде рейдтер жүргізіледі»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар